ХАБАРЛАНДЫРУ
жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және ауылдық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізу туралы № 2 маршрут Қарабұлақ және Шымыр ауылдары, №3 маршрут Қарабұлақ және Абай, Орқұсақ, Жетісу, Екпінді және Сарымбет ауылдары, №4 маршрут Қарабұлақ – Байысов, Алдаберген, Жастар, Бақтыбай, Елтай, Өтенай.
Хабарландыру күні 19.08.2025 ж.
- «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» ММ жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурс 2025 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 16:00-де Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67, Ескелді ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.
- Конкурсқа келесі маршруттар пакеттері (маршруты) қойылады:
№ 2 в c.Карабулак и Шымыр;
№ 3 Карабулак – Абай, Оркусак, Жетісу, Екпінді және Сырымбет;
№ 4 Карабулак – Байысов, Алдабергенова, Жастар, Бактыбай, Ельтай, Өтенай.
- Конкурсқа меншік түріне қарамастан, меншігінде немесе өзге де заңды негізде 8 көлік құралы және 1 резервтік көлік бар жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жазбаша өтінішпен жүгініп, конкурс құжаттамасының жинағын ала алады. Мекенжайы: Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі №67, 7-кабинет.
- Конкурс құжаттамаларын алу және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 4 қыркүйек сағат 12:00-ға дейін.
- 2025 жылғы 22 тамызда сағат 11:00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi
- Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 (778)-654-90-26.