Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ Қарабұлақ және Шымыр ауылдары бойынша №2 қалалық (ауылдық) тұрақты автомобиль жолаушылар және жүк тасымалдау маршруттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарабұлақ және Шымыр ауылдары бойынша №2 қалалық (ауылдық) тұрақты автомобиль жолаушылар және жүк тасымалдау маршруттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы

1. «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қарабұлақ және Шымыр ауылдары бойынша №2 қалалық (ауылдық) тұрақты жолаушылар және жүк тасымалдау маршруттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурс 2025 жылғы 4 қыркүйекте сағат 16:00-де Ескелді ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында (мекенжайы: Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі №67) өтеді.

2. Конкурсқа келесі маршруттар қойылады: №2 маршруты Қарабұлақ және Шымыр ауылдары бойынша.

3. Конкурсқа меншік түріне қарамастан, меншігінде немесе өзге де заңды негізде 8 көлік құралы және 1 резервтік көлік бар жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жазбаша өтінішпен жүгініп, конкурс құжаттамасының жинағын ала алады. Мекенжайы: Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі №67, 7-кабинет.

5. Конкурс құжаттамаларын алу және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 4 қыркүйек сағат 18:30-ға дейін.

6. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 (707) 275-61-45.

Дата публикации
05 августа 2025
Дата обновления
05 августа 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы