Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
2 |
Ескелді ауданында отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу |
2000,0 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы |
Аудан тұрғындары, жас отбасылар, жастар, студенттер. |
Отбасы құндылықтарын насихаттауға, көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға бағытталған “Ұлдар кеңесі” мен “Қыздар кеңесі” кездесуін ұйымдастырып өткізу. Отбасы институтын мен репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған дөнгелек үстелдер, акциялар өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған аудандық «Мерейлі отбасы-2026» байқауын ұйымдастырып өткізу. |
|
3 |
Ескелді ауданының тұрғындары арасында экстремизм және терроризмнің алдын алу жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу |
2000,0 |
ҚР Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламасы аясында. |
Аудан тұрғындары, жас отбасылар, жастар, студенттер |
Экстремизм және терроризмнің алдын алу, жастарға рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашу бағытында семинар, кездесу, пікір талас, байқау ұйымдастырып өткізу, 2000 адамды қамту. Республика немесе Жетісу облысында танымал теологтың қатысуымен 1 семинар өткізу. |