Ведомствоаралық комиссияның өкілдері және Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысуымен іс шаралар өткізілді Жетісу ауылының мәдениет үйінде , Ескелді ауданының Төленгіт ауылдық округінде "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізілді Іс-шараның мақсаты-мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру және олардың қоғам өміріне толыққанды араласуы үшін жағдай жасау Мониторинг барысында пошта бөлімшесі асханалар дүкендер шаштараздар сияқты күнделікті қызмет көрсету орындары тексерілді Нысандардың физикалық қолжетімділігі пандустар мен арнайы белгілердің болуы, қызмет көрсету сапасы сияқты талаптар назарға алынды