Енді 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады
🤔 eGov Mobile қосымшасында анықтаманы қалай алуға болады?
- Қосымшада авторизациядан өтіп;
- «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдап;
-«Көлік басқаруға рұқсат туралы медициналық анықтама (№ 073/е) беру» қызметін таңдап;
- Face ID/Touch ID көмегімен қол қойыныз.
💻 Қызмет eGov.kz порталының «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобильдік көлік» бөлімінде де қолжетімді.
Өтінімді тапсырған соң, анықтама жеке кабинетте PDF форматында қолжетімді болады және оны алған сәттен бастап 1 жыл ішінде жарамды ✅