Меню

Страницы

Статья

Сіздерді халқымыздың ізгі дәстүрі, әз Наурыздың жаршысы – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты ағайын!

 

Сіздерді халқымыздың ізгі дәстүрі, әз Наурыздың жаршысы – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен».
Әлбетте, ұлтымыздың мызғымас бірлігі мен данышпан даналығын паш еткен жарқын да жасампаз бұл мерекенің бастауы тарих қойнауына жетелейді.
Сақылдаған сары аяз құрсауынан шыққан ата-бабаларымыз осы күні бір-бірімен құшақ жая көрісіп, есен-саулық сұрасып, мәре-сәре болушы еді. Ескімен қоштасып, емен-жарқын көңілмен жаңаны қарсылайтын.
Тамаша дәстүрдің арқасында ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүріміз төрге озып, халықтық қалпымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
Бұл мерекенің басты қасиеті жас буын жүрегіне қайырымдылық, достық ұғымдарын ұялатып, ертеңге сенім, бүгінге құрмет пен өткенге салауат сезімдерін сіңіреді.
Аспанымыз ашық болсын, әр шаңыраққа бақ-береке орнасын.
Еліміздің ырыс-ынтымағы арта берсін!

Игі тілекпен  Асхат Қалымжанұлы Бейсбаев

Дата публикации
14 марта 2025
Дата обновления
14 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы