Меню

Страницы

Статья

2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы.

 

2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы.

 

         Бүгінде елімізде аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек бәріне мәлім. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі.

 АӘК өмірдегі қиын жағдайдан шығару үшін отбасына кешенді қолдау көрсетуді көздейді.

  Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа орналасқан отбасыларға беріледі.

  Екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар.

АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу бүкіл отбасына АӘК төлеуді тоқтату және келесі алты айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

  Үшіншіден, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасты қоса алғанға дейін әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы 5 538 теңге) мөлшерінде қосымша төлем беріледі.

  2024 жылдың 25 желтоқсанның қорытындысы бойынша АӘК алушылар саны 1 804 адамды немесе 329 отбасын құрады. Мемлекеттік бюджеттен 166 458 542 теңге төленді.

Бұл ретте, біз АӘК алушылар санын жыл сайын төмендегенін байқаймыз.

Ауылдық округтер бөлінісінде АӘК алушылардың ең көп саны Қарабұлақ ауылдық округінде – 56,1%, Алдаберген – 17,9%, Бақтыбай – 14,6%, Көкжазық, Қайнарлы ауылдық округтерінде – 3%, Ақын сара, Сырымбет, Қоңыр ауылдық округтерде – 1,0% тиесілі.

  2025 жылы Министрлік алдында қойылған негізгі міндет учаскелік комиссияның қызметін цифрландыру болып табылады.

АӘК тағайындау кезінде учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайына жүргізілген тексеру негізінде АӘК көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Бүгінгі таңда бұл зерттеу қағаз түрінде жүргізіледі және қол қою үшін ұйымдастырушылық шараларды қажет етеді.

Осылайша, тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау және автоматтандыру мақсатында учаскелік комиссиялар үшін FSM Social мобильдік қосымшасы әзірленді.

   Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді оған енгізеді, алдын ала қорытынды шығарады және учаскелік комиссияның басқа мүшелеріне қол қоюға жібереді.

Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:

- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);

- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;

- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.

    Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау үшін Әлеуметтік кодекске түзетулер әзірленді, олар Үкіметтің қарауына жіберілді.

АӘК тағайындау кезінде АӘК тағайындау қажеттілігін айқындау өлшемшарттарын мынадай өлшемшарттармен толықтыру ұсынылады:

тұрғын үй және (немесе) жеңіл автокөлік сатып алу;

отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді ресімдеу;

жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы;

ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер адамдардың келісімін ала отырып, азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу пилоттық жобасы іске асырылуда.

Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасы құрамына кіретін барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс.

Ақпарат алу өтініш берушінің келісімі бойынша және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатының айта кету керек.

 

                           «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және            

                            әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025
Дата обновления
26 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы