2025 жылғы 19 ақпанда Ескелді ауданы Алдабергенов ауылдық округінде бірнеше әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізілді. Бұл жоба Инклюзивті ортаны қалыптастыруға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған. Мониторингтік жұмыстың негізгі мақсаты-ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуметтік, мәдени, экономикалық, білім беру және саяси өмірге толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасау. Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тығыз ынтымақтастықта және инклюзивті орта құру бойынша нақты қадамдар жасауда. Жоба шеңберінде жүргізілетін мониторинг жұмысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтарын қорғау және қолдау мәселелеріне басты назар аударылды. Осы жоба аясында тең мүмкіндіктері бар әрбір азаматтың өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс.