Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысында 6 мыңнан астам адам зейнетке шықты

Жетісу облысында 6 мыңнан астам адам зейнетке шықты

2024 жылдың басынан бері 6214 жетісулық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде 5 614 тұрғын зейнетке шыққан. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы хабарлады.

Облыс бойынша Талдықорған қаласының тұрғындары көш басында, мұнда 1760 адам зейнетке шықты. Екінші орынды Панфилов ауданы иеленді – 1155 тұрғын, ал ең төменгі көрсеткішті Текелі қаласы көрсетті. Онда 241 тұрғын зейнеткерлікті рәсімдеген.

«Елімізде ер адам 63 жасында, ал әйел адам 61 жасында зейнетке шығады. Зейнеткерлікті рәсімдеу үшін бірнеше құжаттар тізімі қажет, мәселен, жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат еңбек өтілін растайтын құжаттар, жұмыс берушінің табыстар туралы анықтамасы, білімі туралы құжат қажет. Сонымен қатар, құзырлы орган қызмет алушының істеген қызметіне, бала санына, тегінің өзгеруіне және өзге де өмірлік жағдайларына байланысты қосымша құжаттар сұратуы мүмкін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация Жетісу облысы бойынша филиалының басқарма басшысы Л. Досербекова

Естеріңізге салсақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚО-ға бару үшін алдымен «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды үкімет арқылы кезек уақытын брондауға болады.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.

Дата публикации
04 февраля 2025
Дата обновления
04 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы