Меню

Страницы

Статья

Алғашқы аяздың басталуымен су қоймаларындағы су, мұзбен жабылады

Алғашқы аяздың басталуымен су қоймаларындағы су, мұзбен жабылады. Алғашқы мұздың пайда болуымен адамдар әртүрлі себептермен су қоймасына шығады. Сіз бір жағадан екінші жағаға өту кезінде жолды едәуір қысқарта аласыз, конькимен тегіс және жылтыр мұзда сырғанап, хоккей ойнай аласыз. Алайда жақында ғана мұз болып қатқан су объектілері жасыратын елеулі қауіп туралы ұмытпағынымыз абзал. Алғашқы мұз қашанда қауіпті. Мұзға шығуға асықпаңыз, ол тек алғашында берік болып көрінеді, бірақ іс жүзінде ол жұқа, әлсіз және ересек адамның ғана емес, баланың да салмағына төтеп бере алмайды. Жас мұз бұрынғы мұздан жабықтау түсімен және қар жамылғысымен ерекшеленіп, жіңішке типте болады. Мұздың беріктігін аяқпен немесе секіру арқылы сынауға қатаң тыйым салынады. Бұл жағдайда сіз бірден мұз астына құлап кетесіз. Тәуліктің қараңғы уақытында мұзға шықпауға тырысыңыз. Топ құрамында мұз үстімен бір-бірінен 5-6 м қашықтықта жүріп, қалың қар қабаты бар алаңдарды айналып өтіп, платинаның болуын ескертетін қара дақтардан сақ болыңыз. Мұзда сырғанау, ойындар ойнау, спорттық жарыстар ұйымдастыру және т.б. мұзды мұқият дайындауды талап етеді. Мұздың қалыңдығы кемінде бір адамға есептегенде 10 см, ал жаппай сырғанау кезінде кемінде 25 см болуы керек.

Егер де мұз үстінде қиындыққа тап болсаңыз:

- дүрбелеңге бой алдырмаңыз;

- жылдам қозғалыстарын жасау арқылы мұздың жұқа бетіне салмақ түсірудің қажеті жоқ;

- суға батпау үшін, қолыңызды екі жаққа кең жайыңыз;

- кенеттен жасалатын қозғалыссыз, қауіпті жерден мүмкіндігінше келген бағытқа қарай жүзіңіз;

- көмекке шақырыңыз;

- өзіңізді су бетінде ұстай отырып, денеңізге аз физикалық күш түсіруге тырысыңыз.

 

  Ата-аналарға өтініш:

- балаларды мұзға (балық аулауға, шаңғымен және конькимен сырғанауға) қараусыз жібермеңіз;

- суда, су айдындарында жүріс - тұрыс ережелерін сақтау, қарапайым сақтық;

- шараларын орындау - сіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!

 

                                                                                                        Ескелді ауданы ТЖБ баспасөз қызметі.

 

Дата публикации
19 декабря 2024
Дата обновления
19 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы