Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру – негізгі ұс­таным­дардың бірі

Мемлекеттік қызмет көрсету

процестерін жетілдіру – негізгі ұс­таным­дардың бірі.

 

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы ретте, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Агенттік аумақтық департаменттермен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдірудің 17 бағыты бойынша талдау жүргізді.

Талдау жұмыстарының аясында Агенттіктің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментімен әлеуметтік маңызды салаларда көрсетілетін бір-қатар мемлекеттік қызметтерге, тікелей көрсетілетін қызметті берушілермен талқылаулар жүргізе отырып 55 ұсыныс әзірленіп, ұсынылды.

Жалпы талдау нәтижесінде Агенттік 30 мемлекеттік көрсетілетін қызметі эксаумақтық форматқа, 251 мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті форматқа, 72 мемлекеттік көрсетілетін қызметті композиттік форматқа ауыстыру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет  көрсету мерзімін қысқарту бойынша 273 ұсыныс әзірледі.

Мысалы, кейбір қызметтерді көрсету мерзімінің басым бөлігі мемлекеттік органдармен келісу рәсіміне жұмсалатыны анықталды. Осыған байланысты Агенттік келісу рәсімі бар қызметтер бойынша бизнес-процесті цифрландыру арқылы, оны автоматты түрде жүзеге асыруды ұсынды.

Сонымен қатар, талдау барысында қызметтерді көрсету мерзімдерін есептеу кезінде бірыңғай тәсіл жоқ екендігі анықталды. Мәселен, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметтерді көрсету мерзімдері жұмыс немесе күнтізбелік күндерде есептелуі мүмкін.

Осыған орай, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін біркелкі қолдану мақсатында, яғни демалыс және мереке күндерінде берілу мүмкін (қажеттілігіне байланысты) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мерзімдерді күнтізбелік күндерден жұмыс күндеріне ауыстыру мәселесін қарастыру ұсынылуда.

Аталған ұсыныстарды іске асыру тиімді және қолайлы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 октября 2024
Дата обновления
24 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы