Меню

Страницы

Статья

Департаментпен қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Департаментпен қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Департаментпен «Е-лицензиялау» мемлекеттік қызметтерді көрсету порталы арқылы қашықтан байқау жүргізу барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұза отырып қызмет көрсету, яғни қызмет алушылардың өтініштері жұмыс уақытында түсуіне қарамастан келесі жұмыс күні тіркеу фактілері анықталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2020 жылғы                              27 наурыздағы №254 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 5 тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Алайда, қашықтан байқау нәтижесінде Көксу, Қаратал, Сарқан және Ақсу аудандарының полиция бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұза отырып қызмет көрсету жөнінде – 11 ұқсас бұзушылыққа жол берілген (оның ішінде: Көксу – 1, Қаратал – 2, Ақсу АПБ – 4, Сарқан АПБ –4).

Аталған бұзушылықтар бойынша Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының атына тиісті хат жолданды және оны қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері тіркеліп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Айта кету керек, жыл басынан бері ғана Департаментпен жүргізілген қашықтықтан байқау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңнаманы бұзудың 230 фактісі анықталған.

Анықталған бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін бұзу болып табылады, оның ішінде қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркемеу және құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда бас тарту мерзімдерін бұзу. 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 августа 2024
Дата обновления
28 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы