Мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін жақсарту, сондай-ақ объектілерді РҚ талаптарына сәйкес келтіру мақсатында «Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі» ұлттық стандартын әзірлеп, 2023 жылғы 14 қарашада бекітті.
Осы стандарт мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жеке және мемлекеттік кәсіпорындармен өзара іс-қимыл бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруды көздейді.
Стандартта ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» белгілеген талаптарға сәйкес қолжетімділікті қамтамасыз ету көзделгенін атап өтеміз, онда пандустарға, баспалдақтарға, санитарлық тораптарға, қозғалыс жолдарына және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптарға қойылатын негізгі талаптар баяндалған.
Аталған стандартты іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша бейне-роликтер әзірледі.
Бейне роликтерді жүктеу сілтемесі: https://disk.yandex.ru/d/RHuPQDrpJOP77Q