Жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ-кезеңі
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға болып табылатын тұлғалар ұсынуға тиіс:
1) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
2) жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары. Міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбеген жағдайда да туындайтынын ескеру қажет.
Осыған байланысты, іс жүзінде кәсіпкерлік қызмет болмаған кезде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне тартуды болдырмау үшін жыл соңына дейін мынадай іс-әрекеттерді жүргізуді ұсынамыз.
Салық кодексінің 59-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болған кезде заңды тұлға оңайлатылған тәртіппен, қалған жағдайларда салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін таратылады. Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы, оның ішінде олардың басшылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады kgd.gov.kz "Электрондық сервистер" - "бизнеске көмек" - "сенімсіз салық төлеушілердің тізімі" - "әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімі"мекенжайы бойынша.
Құрметпен,
Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы !