Меню

Страницы

Статья

 «Халық заңгері»

 «Халық заңгері» - Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде өткізілетін республикалық акция. Іс-шара аясында Ескелді ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен 30 мамыр 2024 жылы мемлекеттік органдары өкілдерінің, заңгерлердің, адвокаттардың, нотариустың және сот орындаушының қатысуымен тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетті.

Акцияның мақсаты- халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, шешу және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен еліміздің заңгерлер қауымдастығының өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмек ала алады. Олардың арасында – адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, сот орындаушылар, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшыларының және басқа да қызметкерлер бар.

Бастапқыда акцияға заңгерлер мен адвокаттар қатысты. Уақыт өте келе оларға әкімдіктердің, прокуратуралардың, әділет департаментерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері, жеке сот орындаушылары, нотариустар, медиаторлар және басқа да мамандар қосылды.

 

2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың  өкілдері қатысты. Құқықытық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алды.

«Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті. Оны қарапайым қазақстандықтар жақсы көрді, ол дәстүрге айналды, оны тағатсыздана күтуде.

 

«Халық заңгері» акциясы форматының бірегейлігі мен ауқымы бойынша тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де теңдесі жоқ.

 

 

 

 

Дата публикации
31 мая 2024
Дата обновления
31 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы