Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру Департамент қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) мамандары тарапынан көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуының тағы бір фактісі анықталды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсандағыдай қызмет көрсетушілер тарапынан заң талаптарының ұқсас бұзылуы салдарынан Талдықорған қаласының тұрғыны заңды құқығынан айырылды.

Осылайша, Департамент мамандары Талдықорған қаласы тұрғынының жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендігіне қатысты өтінішін қарау қорытындысы бойынша, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімдігі мен жер қатынастары бөлімінің мамандарының өз лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарауы, көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болған жер комиссиясының шешімімен келіспейтіндігін уақтылы даулау мүмкіндігінен айырды.

Атап айтқанда, шағымданған мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көрсетілетін қызметті алушыны жер комиссиясы шешімінің хаттамасымен таныстырмағаны анықталды.

Бұл факт көрсетілетін қызметті алушыны құзыретті органдар қабылдаған шешімнің нәтижелері туралы өз пікірін білдіру мүмкіндігінен және одан әрі сотқа шағымдану мүмкіндігінен айырды.

Департаменттің араласуынан кейін ғана көрсетілетін қызметті алушыға жер комиссиясы хаттамасының көшірмелері ұсынылды, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

Дата публикации
29 апреля 2024
Дата обновления
29 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы