Меню

Страницы

Статья

«Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2024 жылдың сәуірдің 01-і мен 15-і аралығында Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - әрбір азаматтың міндеті деген тақырыпта дөңгелек үстел және кеңес өткізді

 

«Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2024 жылдың сәуірдің 01-і мен 15-і аралығында Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - әрбір азаматтың міндеті деген тақырыпта дөңгелек үстел және кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Онымен күрес әрбір азамат үшін ортақ парыз. Аталмыш заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.    

Олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамның барлық саласына еніп бара жатқан, оған батыл тосқауыл қойып, зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен үздіксіз күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы деп ұғынған жөн.

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Дата публикации
18 апреля 2024
Дата обновления
18 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы