Меню

Страницы

Статья

Декларациялаудың ІІІ-кезеңі

Декларациялаудың ІІІ-кезеңі

          2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ-кезеңі басталады, бұл кезеңде «Активтер мен міндеттемелер туралы» (250.00-нысанды) декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

        Егер Сіз жоғарыда аталған тұлғалардың санатынан болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтата тұрсаңыз онда Сізге заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беруге кеңес береміз.

         Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екеніңізді мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өтіп, тексере аласыз. www.kgd.gov.kz:

https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable/list

https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable

https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search/entrepreneur

         250.00-нысандағы салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына 15-шілдеден кешіктірмей - қағаз түрінде, электронды түрде - 15-қыркүйектен кешіктірмей «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы ұсыну қажет.

          2024 жылы 250.00-нысанды ұсынғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысанда) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз.

        Декларацияны уақытылы ұсынбағаны үшін алғашында ескерту қарастырылған, ал бір жыл ішінде қайталап аталған заң бұзушылық жасалса - 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 

Құрметпен, Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы !

               

Дата публикации
13 марта 2024
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы