ТІЖҚ ресімдеу
Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша түсініктемелер жолдайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 26 желтоқсандағы бұйрығымен
2019 жылғы № 1424 «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай - ақ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын және олардың құжат айналымын (бұдан әрі - Қағидалар) бекіту туралы» тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі - ТІЖҚ) ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі бекітілді.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тізбе газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын сияқты тауарларға реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылды. ТІЖҚ ресімдеудің басталу күні 2024 жылғы 15 наурыздан бастап енгізіледі.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі - Заң) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, атап айтқанда бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың, жол битумының өндірісі мен айналымы процесінде туындайтын қатынастарға ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығына сәйкес мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары бекітілді. Қағидалар Заңның 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және бензин, авиациялық және дизель отыны, мазут айналымы бойынша декларацияны ұсыну және жасау тәртібін айқындайды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына сәйкес акцизделетін өнімнің, авиациялық отынның және мазуттың кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушыларға қолданылатын дербес сәйкестендіру нөмірлерін – кодтарды (бұдан әрі-ДСНК) беру ережесі бекітілді.
Осылайша, газохолның, бензанолның, нефрастың, жеңіл көмірсутектер қоспасының, экологиялық отынның айналымы кезінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер туындамайды, сонымен бірге ДСНК беру талап етілмейді.
Сонымен қатар, Қағиданың 36-тармағына сәйкес ТІЖҚ ресімдеу үшін G1 «Тауарлар бойынша деректер» бөлімінде «тауардың атауы» бағанында газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отынды (ЖҚТ және ДСН-кодтарға байланыстырмай) көрсету қажет.
Жоғарыда аталған тауарларға СЭҚ ТН коды ЭШФ АЖ анықтамалығына Виртуалды қойма жүргізу белгісімен қосылғанын қосымша хабарлаймыз.
Құрметпен, Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы !