Меню

Страницы

Статья

Пожарная безопасность на объектах торговли!

Сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі!

Сауда объектілері өрт қауіпсіздігінің объектілік критерийі бойынша екі тәуекел дәрежеге бөлінеді: жоғары және болмашы. Жоғары дәрежедегі объектілер тізіміне жалпы құрылыс ауданы 1500 м2асатын объектілер, болмашы тәуекел дәрежедегі объектілер тізіміне жалпы құрылыс ауданы 1500 м2 аз объектілер жатады.

Ескелді ауданы ТЖБ-ң инженерлік-инспекторлық құрамы жоғарыда аталған объектілерде өрт фактілерінің алдын  алу мақсатында сауда дүкендерінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сауда объектілерінің басшыларынан объектілерде төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына мән берулеріңізді сұраймыз:

  • Объекті автоматты өрт дабыл қондырғысымен жабдықталуы керек;
  • Объектіде ұнтақты алғашқы өрт сөндіргіш құралымен қамтамасыз етілуі керек;
  • Бүлінген, қорғағыш қасиеті кеткен электр сымдарын, құралдарын қолдануға жол бермеу, электр қондырғыларын, аппараттарын, сымдарын тек жанбайтын негіздегі конструкцияларға ғана орнату;
  • Жұмысшыларға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізу;
  • Өрт қауіпті тауарлы-материалдық құндылықтарды сәйкестік белгілеріне сай арнайы белгіленген жайларда сақтайды.
  • Эвакауциялық шығу жолдарын шығуға кедергі келтіретін, тез жанатын заттарды орналастырылмауы керек.

Сауда кәсiпорындарында тыйым салынады:

1)Сатып алушылар жүрген сауда залдарында отты пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге;

         2)Сауда залдарында ауа шарларын толтыратын немесе басқа да мақсатта жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;

         3)Баспалдақ торлары алаңдарында, тамбурлерде және басқа көшіру жолдарында сауда, ойын аппараттарын орналастыруға және тауарлар сатуға; көшіру жолдарында сауда, ойын аппараттарын және құрал-жабдықтарды орналастыруға және тауарлар сатуға;

         4)Сауда ғимараттарына жатпайтын басқа мақсаттағы ғимараттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (дәрілік құралдарды, медициналық бұйымдарды, косметикалық және алкогольдік өнімдерді есепке алмағанда), жанғыш газдарды, оқ-дәрілерді, капсюлдерді, пиротехникалық және жарылыс қауіпті бұйымдарды орналастырғанда оларды сатуға;

 

                                                                                                Ескелді ауданы ТЖБ баспасөз қызметі.

Дата публикации
20 февраля 2024
Дата обновления
20 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы