Меню

Страницы

Статья

Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!

Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!

Статистика бойынша, елімізде өрттің жалпы санының 10 – нан 15 % - на дейін түрлі жылыту құрылғыларынан немесе балалардың отпен ойнауынан пайда болады. Пәтерде немесе үйде жалғыз қалдырылған бала, ересектерге еліктей отырып, сіріңкені алып, қағазды жағып, электрлі жылыту құрылғысын қосып немесе тіпті өрт шығара алады. Ересектерден үлгі алған балалар, кейде темекі шегуге тырысады. Әрине, балаларды пәтерде жалғыз қалдырған ата – аналар кінәлі деп есептейді, олардан  сіріңкелерді жасырмайды, балалардың мінез – құлқын бақыламайды, оалрдың ойынын бақыламайды, кейде балалардың айтқанына еріп, оларға сіріңкемен ойнауға, жанып жатқан пештерге қарауға және жандыруға рұқсат береді. Көбінесе ересектер болмаған кезде, балалар «жұмбақ орындарда»( құрылыс алаңдарында, шатырларда, жертөлелерде) немесе пәтерде ойнайды.

Есіңізде болсын, қымбатты ересектер, сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтайды. Балаларды пәтерлерде құлыптауға болмайды (соның салдарынан қанша қайғылы оқиға орын алған), оларға пештер мен жылыту құралдарын көруге, әсіресе жас балаларға жылыту құрылғыларын, газ плиталарын және т.б. қосуға рұқсат бермеу керек.

Әрбір ересек адамның міндеті – әр түрлі ойындарды отпен ойнаудан тоқтату, балаларғы олардың қауіп – қатерін түсіндіру болып табылады. Егер біреуге зиян келтіре отырып, балаларды қараусыз өалдыру нәтижесінде өрт пайда болса, ата – аналар әкімшілік тәртіпте, бұл үшін  заңды жауапты екенін ескеру қажет. Сот жәбірленушінің өтініші бойынша ата – анасынан балалардың осындай  жағдайды тудырғаны үшін тергеуге алып, келтірілген зиянның мөлшерін ала алады.

 

                                                                                                        Ескелді ауданы ТЖБ баспасөз қызметі.

Дата публикации
12 февраля 2024
Дата обновления
12 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы