Ескелді ауданында «Улы газдан абай болыңыз» атты акциясы өтті
Ескелді ауданының ТЖБ жеке құрамымен 2024 жылдың 25 қаңтар күні Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында жылыту маусымында өрттерін алдын алу мақсатында Ескелді ауданының Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мекемесінің қызметкерімен бірлесіп Панфилова және Оразбекова көшесіндегі көп қабатты үйдің тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға арналған буклеттер, жадынамалар мен ескертпе қағаздары таратылды және адамдарға өрт қауіпсіздік ережесінің қағидаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жетісу облысы ТЖД Ескелді ауданының ТЖБ