2023 жылдың 12 айлығына 10828 мемлекеттік қызмет көрсетілді (Онын ішінде; электрондық түрде 8752, қағаз түрінде 847 цон 1229 6арқылы).
Сондай-ақ, Ескелді ауданында 65 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар (11 ауылдық округтерінде және аудандық мемлекеттік мекемелерде, 30 мектепте және аурухана), олар арқылы 11 айда 11265 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ескелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және заңнаманы сақтау бойынша бір неше жұмыстар атқарылды;
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ашықтық және есептілік қағидаттарын іске асыру және мемлекет пен халық арасында сындарлы қоғамдық диалог бойынша ауданда; 15 - семинар, 3 - дөнгелек үстел, 5 - азаматтарды қабылдау, 4 - «Қызмет лайф» жобасы тікелей эфир, 6 - мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өңірлік жәрмеңке ұйымдастырылды және Фейсбук пен Инстаграм парақшаларына 86 мақалар орналастырылды және 11 ауылдық округтерінде баннерлер орнатылып, 7580 брошуралар таратылған.
Өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, ЖЕТІСУ телеарнасында 1 сюжет, жергілікті газетіне «Жетісу шұғыласы» 25 жуық ақпарат жарияланды және аудан әкімдігінің ресми сайты интернет желісі де мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында жұмыстар істеуде.
Мемлекеттік қызметтер саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді; барлық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттарын түсіндіре отырып, мемлекеттік мекеме ұжымымен кездесу өтті, сондай-ақ 2023 жылдың 16 ақпанында Ұлттық ақпараттық технология мекемімен, Ескелді ауданының ауылдық округі және бөлім қызметкерлеріне Е-лицензиялау порталдары бойынша оқыту жұмыстастары ұйымдастырылды.