-
Қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге 3,7 триллион теңгеден астам қаражат алды 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 3,71 трлн теңге 1,9 млн өтінішке сәйкес тұрғын үй сатып алу/жақсарту және (немесе) емдеу мақсатында уәкілетті оператор-банктерде, "БЖЗҚ" АҚ – да (бұдан әрі-БЖЗҚ, қор) ашылған Қазақстандықтардың арнайы шоттарына аударылды. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар (алушылар) БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары сомасы шегінде тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға сенімгерлікпен басқаруға беруге қолжетімді жинақтарды шексіз рет пайдалануға құқылы. Тұрғын үйге 2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1,42 млн-нан астам өтінішін орындады. Қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 3,31 трлн теңге аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,32 млн теңгені құрады. Ең үлкен белсенділік
-