Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы есеп берді

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы есеп берді

 Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 қазандағы инвестициялық портфельдері

 

enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 228,7 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 17 216,9 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 11,8 млрд теңге.  

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 

            2023 жылғы 1 қазандағы зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,2%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,02%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,1%, ҚРҰБ депозиттері – 3%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,2%.

            Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,2%, АҚШ долларында – 31,8%.  

            Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 1 069,8 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 239,9 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер – 89 млрд теңге, өзге кірістер – 3,9 млрд теңге болды.

           Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылдың басынан бері есептелген, 01.10.2023 ж. жағдай бойынша инвестициялық кіріс – 1 402,6 млрд теңге. 

            Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың 9 айында инфляция мөлшері 7,2% болғанда, 8,9% көрсетті.

            Бұл ретте 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін) 10,14% болды.

 

            Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді келешекте қамтамасыз етіледі. 

      ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Атап кететін жәйт, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.   

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

 

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 11,8 млрд теңге.  

 

            01.10.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,5 млрд теңге болды. 

 

            Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 32,4%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 27%, ҚРҰБ ноттары – 23,7%; «кері РЕПО» – 10,4%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,4%. Атап кетейік, портфельдің 66,5% теңгемен; 33,5% – АҚШ долларымен ұсынылған.

 

            Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 392 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 9 айындағы кірістілігі – 9,3%.

            "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

 

            01.10.2023ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,6 млрд теңге.

         Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚРҰБ ноттары – 27,8%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,9%; "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 12,4%; МҚҰ облигациялары – 10,7%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 8,4%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,7%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,7%, АҚШ долларымен 24,3% болды.

 

          Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 347,4 млн теңге. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 9 айындағы кірістілігі – 13,5%.

          "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

          "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,9 млрд теңге.

          Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – 26%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,4%; пайлар (индекстерге ETF) – 7%; МҚҰ облигациялары – 4,6%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 4,2%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 81,8%, АҚШ долларымен – 18,2% инвестицияланды.

               Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс  мөлшері 157,2 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 9 айындағы кірістілігі – 10,2%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақыдан және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түсті.

Дата публикации
01 ноября 2023
Дата обновления
01 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы