Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды

Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды

             Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы,  облыс әкімдігімен бірлесіп  Көксу ауданы Балпық би  ауылы, Балпық би көшесі, 10в мекен жайында жаңа ХҚКО ашылды.

            Айта кетейік, бұған дейін азаматтарды  Измайылов көшесі, 10 мекенжайы бойынша қабылдаған болатын. Жаңа екі қабатты орталықтың ауданы 1 200 шаршы метрді құрайды, бұл алдыңғы орталықтан үш есе көп. Бірінші қабатта ХҚКО орналасқан, екінші қабатта АХАТ, әлеуметтік қамсыздандыру және жер кадастры қызметтері көрсетіледі.

              Жаңа ХҚКО бірнеше секторға бөлінген.  E-otinish орталығында мемлекеттік органға электрондық өтініш беруге, беру аймағында – дайын құжатты алуға, ал жайлылық аймағында қызмет алушылар оператордың көмегінсіз Электрондық үкімет порталы, "Мобильдік ХҚКО" қосымшасы және eGov mobile арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады.

             Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа ХҚКО-да мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пандус, лифт және жеке терезе көзделген. Сонымен қатар, ана мен бала бөлмесі де бар. Айта кетейік, жаңа ХҚКО-ға күніне 200-ге жуық ауыл тұрғыны келеді деп болжануда.

            Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Жетісу облысында 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс азаматтарына 270 мыңға жуық қызмет көрсетілген.

Дата публикации
01 ноября 2023
Дата обновления
01 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы