Ескелді ауданы ТЖБ қызметкерлері, Қарабұлақ ауылы №13-ӨСБ, "Лидер.КЗ" еріктілері және қызметкерлерімен бірлесе Ескелді ауданы, Көкжазық ауылындағы "Айналайын" қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының балалары және оқытушылармен ашық есік күні ұйымдастырылды. Оның барысында Өрт сөндіру техникасын таныстыру, өрт қауіпсіздік ережелерін білу және оларды сақтау керек екенін жеткізу мақсатында экускурсия өткізілді, сонымен қатар «Табиғаттағы өрт қауіпсіздік», «Суға түсу ережелері», «Сіріңке балаға ойыншық емес» секілді тақырыптарда нұсқамалар жүргізілді. Бұнымен шектелмей балалармен конкурс,эстафета, сұрақ- жауап ойындары ұйымдастырылып, сыйлақтар берілді. Артынша балаларға өткізілген іс-шара бойынша төтенше жағдайлар жайлы сұрақтар қойылып жадынама парақшалар таратылды. Өткізілген іс-шара алдағы уақытта жалғасады.