Меню

Страницы

Статья

Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі

 

         Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері көліктердің техникалық ақауы және қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады, сол себепті автокөлік жүргізушілеріне көліктегі электр сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн. Көліктегі өртті болдырмауға және өрт туындауы қаупін төмендетуге болады. Ол үшін жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізуі және техникалық жай-күйін бақылап отыруы қажет. Ең алдымен әрбір автомобильде ақаусыз өрт сөндіргіш болуы керек. Қажет болған жағдайда, өрт ошағын барынша тез және қысқа мерзімде сөндіруге кірісу үшін, өрт сөндіргіш оңай қол жетімді жерде болуы тиіс. Өрт сөндіргіш қозғалыс кезінде жүргізушіні көлік құралын басқарудан алаңдатпауы тиіс. Өрт сөндіргіштің жағдайын үнемі тексеріп тұрыңыз. Оның майысқан және ісінген жерлері болмауы керек. Баллон қызып кетпеуі керек, бүріккіш еркін қозғалуға, ал оның элементтері деформацияланбауға тиіс. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспайды, пломбасы сақталуға тиіс. Осы қарапайым шарттардың кез келген бұзылуы құрылғыны ауыстыру үшін себеп болып табылады. Сонымен қатар, өрт сөндіргіштің автокөліктің ішінде орналасуы қажеттігін ұмытпау керек. Баллонды жүк салғышқа лақтыра салудың қажеті жоқ. Өрт сөндіргішті салонға бекітіңіз, алайда қауіп туындаған жағдайда оған оңай жету үшін, тым алысқа орналастырмаңыз. Өрт сөндіргішті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты елемеуге болмайды. Төтенше жағдайға дейін бірнеше минут бөліп пайдалану ережелерін оқу және есте сақтау керек. Жану белгілері – түтін, жалын немесе бір түрлі иістер байқалса, автомобильді дереу тоқтатып, электр тізбегін бұзыңыз. Денсаулығына және өміріне зиян келтірмеу үшін, барлық жолаушылар көлік құралын тастап кетуге тиіс. Олардың міндеті – айналадағы жүргізушілердің назарын аудару.

 

Ескелді ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты                                                 Қ. Әшімов

 

Дата публикации
20 июня 2023
Дата обновления
20 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы