Меню

Страницы

Статья

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі және төлем құжаттарындағы мәліметтерді толтыру

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

және төлем құжаттарындағы мәліметтерді толтыру

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 128-бабына сәйкес жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде Мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

Салық кодексінің жоғарыда көрсетілген бабында жеке тұлға салықтық берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күші жойылуы тиіс екендігі көзделген.

Салық және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды мемлекеттік кіріс органдары салық төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асыратынын атап өткен жөн (Салық кодексінің 97-бабының 1-тармағы).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) бекітілген нысандағы төлем тапсырмасында көрсетілген салық төлеушінің-ақша жөнелтушінің БСН немесе ЖСН белгісі бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түскен сомалары бюджет кірісі жіктемесінің кодтары бойынша жеке шоттарда көрсетілетіні Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидаларының 74-тармағында көзделген.

Мемлекеттік кірістер органдары салықтарды есепке алуды «Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шот» ақпараттық жүйесінде (ОБЖШ АЖ) жүргізеді. Бұл ретте ОБЖШ АЖ-де бюджетке төлемдерді жеке шоттарға тарату төлем тапсырмасының «ақша жөнелтуші» және «төлем белгілеу» бағандарында көрсетілген салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларының 15-тармағында сот орындаушысы атқарушылық өндіріс шеңберінде борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді төлеген кезде мынадай жүйелілікпен «төлем белгілеу» бағанында алдымен төлем жүзеге асырылатын борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не тегі мен инициалдары, төлемнің белгіленуі көрсетілетіні көзделген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жеке сот орындаушылары (бұдан әрі – ЖСО) жеке тұлғалардың салық берешегінің өндіріп алынған сомасын төлем мақсатында бірнеше борышкерлердің ЖСН көрсетілген жалпы сомамен бір төлем тапсырмасымен аударады.

Мұндай жағдайда ЖСО аударған сомалар автоматты түрде ЖСО-ның өзінің жеке шотына ақша жөнелтуші ретінде таратылады, ал жеке тұлғалардың жеке шоттарында салық берешегі есептеле береді.

Осыған байланысты, салық міндеттемелерін іс жүзінде орындаған салық төлеушілердің жеке шоттарында салық берешегінің болуына, Мемлекеттік кірістер органдарының салық бұйрықтарын жою жөніндегі әрекетсіздігіне, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ЖСО қойған шектеулердің болуына қатысты көптеген шағымдары келіп түседі.

Дата публикации
19 июня 2023
Дата обновления
19 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы