Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық кірісі 336 млрд теңгеден асты 

БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық кірісі 336 млрд теңгеден асты 

        

2023 жылғы қаңтар-наурыз аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 336,3 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 40,5 млрд теңге немесе 14% артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 6,63% болды.

 

Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық кірісті қаржы құралдары бойынша сыйақы түріндегі кірістер (салымдар, "кері РЕПО" операциялары, купон немесе дисконт, акциялар бойынша дивидендтер), бағалы қағаздар, шетел валютасы, өзге де активтерді нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. құрайды.

 

2014 жылдан бастап (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру аяқталғаннан кейін)  инвестициялық кіріс 7,3 трлн теңгеге жетті. Ал 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап бүкіл кезең ішіндегі жинақталған инфляция 702,96% болғанда, жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 751,1% көрсетті. 

 

            Зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестициялар  және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған жөн екенін естеріңізге саламыз. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені, олар нарықтық жағдайда жиі ұшырасатын ауытқуларға тәуелді.

            Инвестицияларды басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың бүкіл жүйесі қолжетімді және ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісінің өсу серпінін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады. Зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

            БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Дата публикации
11 мая 2023
Дата обновления
11 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы