Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысын ұзақ мерзімді кезеңде қарастыру қажет

Зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысын

ұзақ мерзімді кезеңде қарастыру қажет

 Нарықтық қайта бағалау қорытындысы бойынша 13 наурызда БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) инвестициялық табысы 344 млрд теңгеге өсті

         Зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылатыны  және инвестициялық кіріс мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаудың жөн екендігінің тағы бір дәлелі – теріс бағамдық айырманың пайда болуы және инвестициялық портфельдегі қаржы құралдарын нарықтық бағалаумен байланысты инвестициялық кірістің қысқа мерзімді өзгеруінен кейінгі салымшылардың (алушылардың) жинақтарының инвестициялық құрамдас бөлігінің қарқынды өсуі болды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын бірінші жұмыс күнінің қорытындысы бойынша және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

Егер 2023 жылғы 6 наурызда жүргізілген қайта бағалау қорытындысы бойынша теріс инвестициялық табыс 254 млрд теңге мөлшерінде қалыптасса, 2023 жылғы 13 наурызда қайта бағалау 344 млрд теңге мөлшерінде табыс әкелді. Алынған кіріс құрылымындағы неғұрлым маңызды көрсеткіштер мынадай: зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін валюталық қайта бағалаудан түскен кірістер 136 млрд теңге, сыртқы активтердің бағасы 81,5 млрд теңгеге өсіп, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 99 млрд теңге болды. Негізінен нарықтық қайта бағалаудың ұлғаюына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі облигацияларының және шетелдік эмитенттердің үкіметтік қағаздарының нарықтық құнының өсуі әсер етті.  

Осылайша, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінетін инвестициялық кіріс тұтастай алғанда қаржы нарығындағы жағдайға байланысты. Өйткені, ол бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. қалыптасады. Бұл ретте инвестициялық портфельді әртараптандыру, бір құралдар бойынша кіріс басқа құралдар бойынша уақытша залалдарды жабатын болса, ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді.

 

Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың жүйесі болып табылатынымүлдем ашық: инвестициялық кіріс enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада 24/7 режимінде көрсетіледі. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

 

Дата публикации
06 апреля 2023
Дата обновления
06 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы