Меню

Страницы

Статья

Мерзімді әскери қызметке шақыру

Мерзімді әскери қызметке шақыру

Мерзімді әскери қызметке шақыру – жылына екі рет, наурыз айынан маусым айына дейін және қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін жүргізіледі.

Әскерге шақыру комиссиясы жеке іспен танысып шығып, азаматты әскери қызметке жарамды деп тану туралы, әскери міндетті орындауды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім қабылдайды.

Мерзімді әскери қызметтің мерзімі 1 жылды құрайды.

Егер сіздің әскери қызметіңіздің мерзімі дәлелді себеппен кейінге қалдырылса, онда ақылы оқытудан өтуге құқығыңыз бар. Оқу соңында емтихан тапсыру қажет. Емтиханды тапсырғаннан кейін сізге әскери билет алу үшін қажетті барлық құжаттар беріледі.

Мерзімді әскери қызметтің мезгілі аяқталғаннан соң қызметіңізді келісімшартпен қызмет ететін әскерлер сапында жалғастыруға құқығыңыз бар.

Әскери қызметті өткеру аяқталғаннан кейін сіз әскери билетті – сіздің әскери қызметке қатыстылығыңызды анықтайтын құжатты алуыңыз қажет. Азамат әскери есептен шығарылып, әскери билет алғаннан кейін тіркеу куәлігі алынып, жойылу мақсатында әскери комиссариатқа табысталады.

Әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламаларды тарату, сондай-ақ үй және жұмыс мекенжайларына жіберілетін жеке шақыру қағаздары арқылы хабарланады.

Шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Шақыру комиссиясын тиісті аудан әкімінің орынбасары басқарады. Мерзімді әскери қызметке жіберу туралы шешімді әскери-дәрігерлік комиссияның оң шешімінен кейін шақыру жүргізу кезеңінде құрылатын тиісті шақыру комиссиясы қабылдайды. Баяндалғанға сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі - Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге ниет білдірген әскерге шақыру жасындағы азаматтар толық ақпарат алу үшін тиісті аудан және ауылдық округтердің әкімдіктеріне немесе жергілікті әскери басқару органына жүгіне алатынын хабарлайды.

Ескелді ауданының әкімдігі - Сізді Отан алдындағы борышыңызды өтеуге, ел тыныштығын қорғауға үлес қосуға шақырады.

Дата публикации
15 марта 2023
Дата обновления
15 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы