Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады

 

«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады

 

2023 жылдың 14 наурызы күні «БЖЗҚ» АҚ «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. 

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды сақтандыру ұйымдарына, оның ішінде бірлескен (немесе отбасылық) зейнетақы аннуитетін пайдалана отырып аудару арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігін жүзеге асыруға болатындығы туралы хабардар ету.  

Зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ұсынатын және зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда БЖЗҚ салымшыларына (алушыларына) зейнет жасына толғаннан кейін немесе заңда белгіленген зейнет жасына дейін өмір бойғы төлемдер алуды бастауға мүмкіндік беретін өнім. Өзінің мазмұны бойынша зейнетақы аннуитеті –  БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерімен қатар, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін басқа кіріс көздері болмауы әбден мүмкін болашақта қажеттіліктерді төлеуге арналған зейнетақымен қамсыздандыру құралы.

Салымшы (алушы) зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан ала ма, әлде ӨСК-ден ала ма, таңдауды өзі жасайды. Өткен жылы зейнетақы аннуитеті шарты бар салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап кемінде екі жылдай уақыт өткен соң зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ӨСК-ден БЖЗҚ-ға қайтару мүмкіндігі заңнамалық түрде енгізілді.

Іс-шара барысында Қордың өңірлік бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) және басқа да қатысушыларға осы жаңалықтарды пайдаланудың іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктемелер, сұрақтарға жауаптар және жеке кеңестер береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 14 наурызда өтеді (10:00). 

Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mf7862cf05d0d82102e009ecbfe4968dc). Содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізіңіз: (2518 648 8865) және event-кеңестің паролі: (14032023)         

«БЖЗҚ» АҚ  өз салымшылары (алушылары) мен барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде»  күтеді! 

Дата публикации
09 марта 2023
Дата обновления
09 марта 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы