Меню

Страницы

Статья

Жеке және жүргізуші куәлігінің уақыты өтіп кеткен жағдайда салынатын айыппұл көлемі артты

Біле жүріңіздер ☝️
🔴Жеке және жүргізуші куәлігінің уақыты өтіп кеткен жағдайда салынатын айыппұл көлемі артты. Биыл жеке және жүргізуші куәлігінің уақыты өтіп кеткен жағдайда азаматтарға салынатын айыппұл көлемі артты. Сондай-ақ, төлқұжат алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының да құны өскен. Бұл айлық есептік көрсеткішінің қымбаттауымен байланысты. Мәселен жүргізуші куәлігін алу үшін 1,25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 4 мың 300 теңге көлемінде төлем жасалады. Ал егер осы құжаттың уақыты өтіп кеткеніне қарамай, көлік жүргізгендерге 69 мың теңге айыппұл салынады. Сондай-ақ, уақыты өтіп кеткен жүргізуші куәлігін жаңалату үшін қайтадан емтиханнан өту керек. Ал балалар 16 жасқа толған соң жеке куәлік алу үшін 690 теңге төлем жасайды. Осы құжаттың уақыты бір айға асса 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 24 150 теңге айыппұл төлейді. Бұл жағдай екінші рет қайталанса, 44 850 теңге айыппұл салынады. Сонымен қоса, азаматтардың шетелге шығу үшін алатын төлқұжаттың уақыты өтсе, ол үшін айыппұл салынбайды. Бірақ 16 жастан бастап алуға болатын осы құжаттың баж салығына 27 мың 600 теңге төлеу шарт

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы