Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кездеседі, сол себебті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқылы. Осыны түйіндей келе халықаралық қауымдастық, болуы мүмкін апаттарды жою және олардан зардап шеккендерге көмек беруде мемлекетаралық шараларды үйлестіретін халықаралық ұйым құру қажет деп тапты. Соның нәтижесінде 1972 жылдың наурыз айында Азаматтық қорғаныстың Халықаралық Ұйымы құрылып, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық Қорғаныстың Халықаралық Ұйымының қатарына қосылды. Содан бері, жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып өтіледі. Біздің мемлекетіміз өзінің азаматтарының өмірін қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатын жүргізіп келеді. Қазіргі кезде елімізде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі қалыптасқан. Соңғы жылдары жер шарының халқы мен кейбір аймақтары әр түрлі қауіпті табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан зардап шегуде. Біздің елімізде де әр-түрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болып тұрады. Бүгінде «Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты азаматтық қорғаныс» атты ұранға сәйкес, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ақпараттық үгіт-насихат іс-шаралары жүргізілуде

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы