Алдабергенов ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 12 ақпанда Алдабергенов сайлау округі бойынша Алдабергенов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ескелді аудандық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ескелді ауданының ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3084 азамат енгізілді, оның ішінде 1274 адам (41,3 %) дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 46, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-9
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аубакиров Сагыныш Куанышевич – 119 адам (9,7%);
Есиркегенов Самат Абдрашович – 9 адам (0,8%);
Садырбаев Жалгас Бакытович - 1094 адам (89,5 %).
Дауыс беру қорытындысы бойынша Алдабергенов ауылдық округінің әкімі болып Садырбаев Жалгас Бакытович сайланды, 1987 жылы туған, Алдабергенов ауылдық округінің қазіргі әкімі, Алдабергенов ауылдық округінің Алдабергенов ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.