Ақын Сара ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 12 ақпанда Ақын Сара сайлау округі бойынша Ақын Сара ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ескелді аудандық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ескелді ауданының ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1170 азамат енгізілді, оның ішінде 494 адам (42,2 %) дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-27
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Арапов Аскар Кабдешович – 91 адам (20,9%);
Байбосынова Акмарал Ермекбаевна – 167 адам (38,3%);
Бозов Шынарбек Касымович - 178 адам (40,8 %).
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ақын Сара ауылдық округінің әкімі болып Бозов Шынарбек Касымович сайланды, 1970 жылы туған, «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақын Сара ауылдық округінің Ақын Сара ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.