Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Бюджет кодексі) енгізілген өзгертулерге байланысты мемлекеттік бажды есепке алуға қатысты келіп түскен сұрақтарға

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Бюджет кодексі) енгізілген өзгертулерге байланысты мемлекеттік бажды есепке алуға қатысты келіп түскен сұрақтарға

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 177-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен Бюджет кодексінің 49-бабы 1-тармағында 30) – 37-1) тармақтары алынып тасталды, тиісінше, енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж республикалық бюджетке есепке жатады.

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес республикалық бюджетке есептелетін мемлекеттік бажды төлеу үшін «Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж» 108125 БСК  бекітілген.

Бюджет кодексінің 51-бабы 1-тармағы 19) тармақшасы және 52-бабы 1-тармағы 18) тармақшасы негізінде республикалық бюджет есебіне жататын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерге түсетін түсім болып табылады.

Бюджет кодексінің 6-бабы 1-тармағына сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті бюджеттерге жатады.

Республикалық бюджет есебіне жататын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж «Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж» 108126 БСК есепке жатады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж 108125 БСК-не есепке жатады, ал республикалық бюджет есебіне жататын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж 108126 БСК-не есепке жатады.

Бұдан басқа, КТС бойынша жеке шоттарды беруге қатысты сұрақтарға келесіні хабарлайды.

Салық төлеушілердің ірі кәсіпкерлік субъектілері санатынан орта кәсіпкерлік субъектілері санатына өтуіне байланысты «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» 101110 БСК-дан «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» 101111 БСК-на және керісінше жеке шоттарды беруді және қате есептелген сомаларды дұрыс БЖК-на есептеуді алдын ала жүргізе отырып, ОСЖШ АЖ-де «Жеке шоттар» мәзірінде ЖШ көшіру/беру режимін қолданып жасау қажет.

Дата публикации
02 февраля 2023
Дата обновления
02 февраля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы