Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар тарту тыйым салынады

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар тарту тыйым салынады

         Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлық берушінің пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыларға және қызметтер көрсетуге толық тыйым салу болып табылады.
Қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті өткеру кезінде ерекше талаптар мен шектеулер қойылады.

            Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар да айқындалған, олар үшін жауапкершілік мыналар түрінде қарастырылған: мемлекеттік қызметтегі лауазымын төмендету, қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту немесе жұмыстан босату.
Мемлекеттік қызметшіге берілген сыйлық қандай жазаға әкеп соғуы мүмкін?
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 676-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

        677-бапқа сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, оларды ұсынған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін көрсетілетін қызметтер алуы немесе оған теңестірілген адам, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      678-бапқа сәйкес, заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 750 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескелді ауданы бойынша МКБ

 

 

 

Дата публикации
28 декабря 2022
Дата обновления
28 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы