Хабарландыру
Құрметті Бақтыбай ауылдық округінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларын транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1- тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 24 қантар күні сағат 15:00 –де Бақтыбай ауылдық округі әкімшілік ғимаратында Бақтыбай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен «Бақтыбай ауылының Абдрахманов Балтабай көшесінің атауын Балтабаев Абдрахман көшесі деп өзгерту туралы» мәселе бойынша жиналыс өтетінін хабарлаймыз.
Балтабаев Абдрахман – Ұлы отан соғыс ардагері. 1941 – 1943 ж. II дәрежедегі мүгедек болып елге оралған. Соғыстан кейінгі жылдары, Бақтыбай ауылдық округіндегі Елтай колхозында бастық болған. 1960-1980 жылдары Райком аппаратында нұсқаушы, Ильич-Қоңыр колхозында және Еркін савхозында парткомнын хатшысы, Обком профсоюзда инспектор қызметін атқарған. «Еңбек қызыл ту», I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендарымен, медальдармен марапатталған. Президиум Верховного Советінің - грамоталарымен, құнды бағалы сыйлықтарымен марапатталған.
Бақтыбай ауылдық округі әкімнің аппараты