Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті  ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!  

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті

 ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 

Мемлекеттік статистика органдары республикадағы халықтың тұрмыс деңгейін білуге көмектесетін іріктеме зерттеуді тоқсан сайын өткізеді.

Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.

Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін анықтауға, мемлекеттің әлеуметтік және экономи-калық саясатының тиімділігі туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласы дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады.

Байқауға қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды. Үй шаруашылықтары көше атаулары және үй нөмерлерімен барлық ғимараттар енгізілген Статистикалық тұрғын үй қоры тіркелімінен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын.

Қазақстан Республикасының барық өңірлерінен іріктеп таңдап алынған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам осы зерттеуге қатысады.

Өтеулі қызмет көрсету шарты негізінде зертелетін отбасыларға төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті салықтарды, жарналарды және басқа да төлемдерді есептеп шығарып) төленеді.

Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сұрақнама сұрақтарына жауап беру үшін растайтын құжаттар талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз

Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, сұрау нәтижелерінің нақтылығы Сіздің толық жауаптарыңызға байланысты.

Зерттеуді жүргізу үшін интервьюер Сізге жолығып, арнаулы куәлігін көрсетеді.Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады.

Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

Телефондар: 87786855354, 87010895575.

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Дата публикации
29 ноября 2022
Дата обновления
29 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы