ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ
ҰСЫНЫС
Өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес Сіздің тұрғын үйіңіздің өрт қауіпсіздік жағдайын күшейту мақсатында Сізге төменде көрсетілген шараларды орындау ұсынылады:
Жылыту пешінің қалпы бойынша:
- Бұзылған, жарылған, пеш есіктері жарамсыз және т. б. жылыту жүйесін пайдалануға тыйым салынады.
- Әрбір пеш есікшесінің алдында 50 х 70 см кем емес қаңылтыр төселуі қажет.
- Шатырдағы түтін каналдары өтетін түтін құбырларын және қабырғаларын сылау керек, артынан ақтау қажет.
- Түтіндіктерді күйеден тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ кемінде үш айда бір рет тазарту қажет.
Пештен 1,25 м. қашықтықтан аз орындарда жанғыш материалдарды, заттарды, өнімдерді және жабдықтарды, сонымен қатар 0,7 м. дейін қалған жылытылған бөлімдеріне орналастыруға болмайды.
- Жағуға дайындалған қатты отынды, сонымен қатар басқа да жанғыш материалдарды пеш алдындағы қаңылтырға қоюға болмайды.
- Түтін, улы және табиғи газдың таралуын анықтау мақсатында оларды анықтауға арналған хабарландырғыштарды орнату ұсынылады. Қолданыстағы түтін, улы және табиғи газдың таралуын анықтаухабарландырғыштардың дер кезінде қызмет көрсетілуін (қуат көздерін ауыстыру) қадағалау қажет.
Электрлік бұйымдардың жағдайы бойынша:
- Тұрғын үйдің электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу. Электр қалқандары мен электр есептегіштерде зауытта жасалған сақтандырғыштарды орнату.
- Зақымдалған және ақаулы электр ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды ауыстырыңыз.
- Барлық ток өткізгіш бөліктерді, тарату құрылғыларын тек жанбайтын негіздерде (мрамор, текстолит, гетинакс) монтаждауды жүзеге асыру.
Газ жабдығын пайдалану бойынша:
11.Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде жиһазды және басқа да жаңғыш материалдарды орналастыру көлденеңінен ең жақын тік бетке дейін кемінде 0,2 м және тігінен ең жақын ілулі көлдеңен бетке дейін кемінде 0,7 м қашықтықта жүзеге асырылады.
- Жеке баллондық қондырғыларды тұрғын үй ғимараттарының сыртында да, ішінде де қарастыру қажет. Екі қабаттан аспайтын тұрғын үй ғимараттарының пәтерлеріне (бір пәтерде бір баллоннан артық емес) баллондарды орналастыруға рұқсат етіледі.
- Жеке баллон қондырғыларын терезе ойықтарынан кемінде 0,5 м және бірінші қабаттың есік ойықтарынан 1,0 м, цокольдік және жертөле қабаттарының есік және терезе ойықтарынан, сондай-ақ кәріз құдықтарынан кемінде 3,0 м қашықтықта орналастыру керек.
- Қатып қалған баллондарды ашық жалынмен немесе қызған бетпен қыздыруға (пешке орнату және т.б.) тыйым салынады, осы жұмыстар үшін ыстық суды немесе буды пайдаланыңыз.
Аумақты ұстау бойынша:
- Шатырларды, жертөлелер мен аула аумағын қоқыстан, жанғыш қалдықтардан, ағаш жапырақтарынан, құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазарту.
- Шлакты жинау үшін металлдан жасалған жәшікті (күбіні) орнату немесе құрылыстан 10 м кем емес қашықтықта шұңқыр қазу.
- Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды, сондай-ақ сығылған және сұйытылған газдары бар баллондарды ашық күйде жинастыруға тыйым салынады.
- Үй жанында және саяжай учаскелерінде құрғақ, ыстық және желді ауа-райы жағдайында қоқысты жағуға тыйым салынады.
Ірі жемшөптерді жинау және сақтау бойынша:
- Тұрғын үйлердің саяжай учаскелерінде пішендемелерді жинастыру ғимараттар мен аулалық құрылыстарға дейін кемінде 15 м орналасуы тиіс.
- Ірі жем мен шөпті сарайлар мен басқа да шаруашылықтардың шатырларына, электр беру желілерінің астына жинастыруға жол бермеу, учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта көшелерге, жолдарға, үй маңындағы учаскелерден тыс орналастыру қажет.
Өрт болған жағдайда 101, 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.