Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды

 

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды

8 мыңға жуық әскерге шақырылушылар Қарулы Күштер қатарына қосылады, 6 мыңнан астам адам Ұлттық ұланға, 3 мыңнан астамы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 300–ге жуық әскерге шақырылушылар Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және 100 – ге жуығы осы жылдың күзінде Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады. Ескелді ауданы бойынша әскерге шақыру жасындағы 80-нен астам азаматты әртүрлі бағыттар бойынша жіберу жоспарланған, олар: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі.

Әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламаларды тарату, сондай-ақ үй және жұмыс мекенжайларына жіберілетін жеке шақыру қағаздары арқылы хабарланады.

Шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Шақыру комиссиясын тиісті аудан әкімінің орынбасары басқарады. Мерзімді әскери қызметке жіберу туралы шешімді әскери-дәрігерлік комиссияның оң шешімінен кейін шақыру жүргізу кезеңінде құрылатын тиісті шақыру комиссиясы қабылдайды. Баяндалғанға сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі - Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге ниет білдірген әскерге шақыру жасындағы азаматтар толық ақпарат алу үшін тиісті аудан және ауылдық округтердің әкімдіктеріне немесе жергілікті әскери басқару органына жүгіне алатынын хабарлайды.

Соңғы жылдары азаматтардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі әдістер қолданылуда. Осындай әдістердің бірі әскери қызметтен өткендерге арналған жоба - еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігін беру болып табылады.

Мәселен, мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға Ұлттық бірыңғай тестілеуді есепке алмай, әңгімелесу нәтижелері бойынша мерзімді әскери қызметті өткергеннен кейін екі жыл ішінде ЖОО-а ақысыз негізде оқуға түсу мүмкіндігі берілетін болады.

Сонымен қатар, олар күнтізбелік кезеңде, мысалы, күзде демобилизациядан кейін түсе алады.

Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта тәртіпті және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жекелеген, неғұрлым лайықты әскери қызметшілерге ЖОО гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі берілетін болады.

Ерекше көзге түскен жастардың осы санаты үшін Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына ЕМТИХАНДАРСЫЗ және ҰБТ-ны есепке алмай, сондай-ақ күнтізбелік кезең ішінде түсу мүмкіндігі берілетін болады.

Әскери оқу орындарына емтихансыз түсу кезінде және азаматтық жоғары оқу орындарында оқу үшін грант алу кезінде мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілердің балаларына да басым құқық беру жоспарлануда.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі қырыққа жуық жоғары оқу орындары мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға білім беру жеңілдіктерін беру ниетін растады. Мерзімді әскери қызмет өткерудің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша Қорғаныс министрлігі қабылдайтын шараларды одан әрі талқылау мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, белгіленген тәртіппен жалғастырылады.

Дата публикации
23 ноября 2022
Дата обновления
23 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы