Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының елді мекендер шегіндегі жер учаскелеріне салық салу мақсатында, бағалау аймақтарының шекаларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентерін бекіту туралы

Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының  елді мекендер шегіндегі жер учаскелеріне  салық салу мақсатында,  бағалау аймақтарының шекаларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына  түзету коэффициентерін

бекіту туралы

 

           Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 11 бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты                  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:      

  1.        Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының жер учаскелерінің бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің  1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының елді мекендер шегіндегі жер учаскелеріне салық салу мақсатында, жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентері осы шешімнің  2- қосымшасына сәйкес бекітілсін.             
  3.       Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары           Е. Ахметовке жүктелсін.          
  4.     Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.        

 

Аудандық мәслихат                                         Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы                                   хатшысы

 

Дата публикации
20 ноября 2020