Ескелді ауданының 2020 жылға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша
ведомствоаралық комиссия
жұмыс жоспарына
1.2 тармақ
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы"мемлекеттік қызметіндегі объектілер туралы ақпаратты орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
"Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" бағдарламасы бойынша 2020 жылға 1 Салынып жатқан объект және 2 жобалау-сметалық құжаттама орналастырылды.
1."Алматы облысы Ескелді ауданы Абай ауылында 25 орындық спорт залы, асхана, шағын орталығы бар 180 орындық орта мектеп құрылысы"нысаны. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталды. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 100,0 млн.теңге, 2020 жылы 939,0 млн. теңге бөлінді.
"Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу" жобасына 2019 жылы 1000,0 мың теңге, 2020 жылы-14373,0 мың теңге көзделген.
"Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында 60 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық жүйелер құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу" жобасына 2019 жылы 1000,0 мың теңге 2020 жылы 8327,0 мың теңге көзделген.