Ескелді ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2020 жылға арналған жоспарының 1-тармағы бойынша Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі

Ескелді ауданының 2020 жылға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

мәселелері жөніндегі ведомствоаралық

комиссия жоспарының 1-тармағы бойынша

Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі

 

 

 

- 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді.

- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлерімен жиналыстар өткізіледі.

- Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақытылы ұсынады.

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

- Жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаға жүгіну үшін жәшік орнатылды.

- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттары уақытында тіркеледі және қаралады.

- Әкімдік сайтында аудан тұрғындарын бөлімнің жұмысы, бөлім қызметкерлерінің негізгі функциялары туралы хабарландырулар орналастырылған.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бәріміз үшін ортақ міндет-азаматтардың барлық сындарлы өтініштерін жедел әрі тиімді қарайтын "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру екенін атап өтті.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып табылады.

Осыған байланысты, осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен "QYZMET LIVE" жобасы шеңберінде Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 10 қыркүйегінде тікелей эфир өткізді. Парасаттылықты, гуманизмді, адалдық пен адамгершілікті, ұлттық құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, аудандық "ақпараттық, үгіт штабы" мүшелерінің, халықтың арасында сыбайлас жемқорлықты жою жолындағы қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында 2020 жылғы 28 қазанда онлайн режимінде тікелей эфир өткізілді.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтердің 16 түрін ұсынады:

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту
2. жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту
3. жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
6. іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру
7. ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру
8. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
9. жер учаскесін жеке меншікке дереу төлеу не бөліп төлеу арқылы сату
10. жер учаскесін алу үшін кезекке қою
11. жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу
12. жер учаскесін жалдау шарттарын жасасу
Сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда)

мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

Суармалы жерлерді суарылмайтын жерлерге ауыстыру туралы шешім шығару
Жол бойы немесе олардың объектілерінен тыс жерлерде жол сервисі объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беру, оларға қол жеткізу қажет болған кезде оларды беру туралы шешім қабылдау
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және шығару

 

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электрондық түрде де, қағаз түрінде де "Е-лицензиялау" интеграцияланған ақпараттық жүйесі және халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО ЫАЖ) арқылы көрсетіледі.

"Ескелді ауданының жер қатынастары" ММ 2020 жылдың 10 айында мемлекеттік қызмет көрсетілді:

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" - 459 қызмет;
"Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу" - 29 қызмет ;
"Жер учаскесін жалдау шарттарын жасасу" - 27 қызмет;
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" -27 қызмет
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" бойынша-2 қызмет
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" қызметі -1
"Жер учаскесін жеке меншікке дереу төлеу немесе бөліп төлеу арқылы сату" -1 қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықтың қолжетімділігі және хабардар болуы мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, өтініштер үлгілері және т.б.) орналастырылған. Ескелді әкімінің ресми сайтында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртібі, Байланыс ақпараты орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

Бөлім басшысы: Б. Есболатов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 августа 2020