"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы «27» сәуірде өткен Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылдық округінің әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 1995 жылы туған, Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында тұратын, Бақтыбай ауылдық округі әкімінің орынбасары Касиев Айдос Амантайұлын Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.
Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы