Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

           2025 жылы 27 сәуірде Бақтыбай сайлау округі бойынша Ескелді ауданының Бақтыбай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,      44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бақтыбай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:

            Бақтыбай ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5152 азамат енгізілді, оның 3634-і, немесе 70,5% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 34, «бәріне қарсы» деген жолда – 61.

            Кандидаттар саны – 3, 3 – өзін өзі ұсынғандар.

            Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

            Касиев А.А. – 2818; Серіков Қ.Е. – 412; Татиев А.Б. - 309.

            Бақтыбай ауылдық округінің сайланған әкімі Касиев Айдос Амантайұлы, 1995 жылы туған, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылдық округі әкімінің орынбасары, өзін өзі ұсынған.

           Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес,                      2025 жылғы 27 сәуірде сайланған Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округінің әкімін 2025 жылғы 29 сәуірде № 34 қаулысымен тіркеді.

     

Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 апреля 2025