Ескелді ауданы бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 1473. Оның ішінде:
Қағаз түрінде, баламалы негізде бірақ "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін - 303.
Мемлекеттік корпорация (ХҚКО)арқылы – 128.
Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері - 208
Электрондық түрде ("Электрондық үкімет" арқылы) көрсетілген www.egov.kz, www.elicense. kz) - 834.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.
2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша 3 мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Олар: Аудан әкімінің 2025 жылғы 21 қаңтар № 3-Ө н/қ өкіміне сәйкес, «Ескелді ауданының Сырымбет ауылдық округ әкімінің аппараты» мм; Аудан әкімінің 2025 жылғы 07 ақпан № 4-Ө н/қ өкіміне сәйкес, «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм; Аудан әкімінің 2025 жылғы 07 ақпан № 5-Ө н/қ өкіміне сәйкес, «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мм;.
2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша ішкі бақылау қортындыларына сәйкес 7 ұсыныс беріліп оның 7 орындалды.
2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.
Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділерінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары екі тілде ілінген.
Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету туралы, көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына арыз-шағым болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша.
Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша ұсыныстар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсндірме іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 40 (мемлекеттік көрсетілеттін қызметтерді қалай алатыны туралы тұрғындар арасында түсіндіру және әлеуметтік желілерде тарату жұмыстары, аудандық газетке 10 мақала жарияланды), қамтылған адам саны 20270 құрады. Мемлекеттік қызметтер бойынша теледидарда 1 сұхбат, 3 ашық есік күні өткізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар туралы мәлімет.
Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанында 3 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сертификаттарын алды.