Жетісу облысы Ескелді ауданының Бақтыбай ауылдық округінің әкіміне кандидаттар ұсыну туралы ХАБАРЛАМА

 

Жетісу облысы Ескелді ауданының Бақтыбай ауылдық округінің әкіміне кандидаттар ұсыну туралы

ХАБАРЛАМА

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2025 жылғы    27 сәуірде  Бақтыбай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.

2025 жылғы 19 наурызда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы                 Бақтыбай ауылдық округі әкімінің сайлауын 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық газеттерде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 25 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Бақтыбай ауылдық округінің бойынша сайлаушылар саны 5180 адам.

2025 жылдың 20 наурыздаң бастап әкім болуға кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

Кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына қарай Бақтыбай ауылдық округінің әкімі болуға 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 - өзін-өзі  жолымен ұсынды. Барлық кандидаттар бойынша мемлекеттік органдарға сұранымдар жолданып, сәйкестіктері анықталды.

  Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.

 

 

 

 

Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
02 апреля 2025